Ескі архив · 18.05.2011 18:12

28 мамырдан бастап Алматы қаласы мен облысында Tele2 ұялы байланысы іске қосылады

Ал, арзан байланысқа қол жеткізе алмай жүрген Алматылық ағайын, сүйінші! Қазақстандағы ең арзан ұялы байланыс деп жарнамаланып (жарнамалық кампаниясы жақсы жүргізіліп жатыр) жүрген Европалық Tele2 дискаунтер-операторы мамырдың 28-нен бастап Алматы қаласы мен облысында өз жұмысын бастайтыны туралы хабарлады. «Tele2 Қазақстан» компаниясының басқарма төрағасы Андрей Смелковтың лично мне айтқаны Tele2 қызметін алғашқы кезде Алматы қаласы мен Алматы облысының Қапшағай, Қаскелең, Есік, Талғар, Талдықорған, Жаркент, Үшарал қалаларының тұрғындары тұтына алады. Обещал ең арзан ұялы байланыс пен 3G обеспечен. (Ұзын құлақтан естуімізше байланыс құны 1 минутына 8 теңге болмақшы) Айтпақшы, 28 мамыр күні Tele2-нің Алматы қаласы мен облысында ресми түрде енгізілуіне байланысты күллі Алматы музыкаға бөленбекші. Күндіз қаланың бірқатар алаңдарында би кеші, әншілер мен бишілер сайысы, түрлі конкурстар, ал, кешкісін Астана алаңында Кубалық “Eminencia Classic”, Ресейдің “Звери” тобының концерті болады екен. Ерболдың анықтамасы: Tele2 Европаның жетеші байланыс операторларының бірі. Әлемнің 11 елінде 31 миллионға жуық тұтынушысы бар. 2010 жылы Қазақстандағы “Нео” ұялы байланысын сатып алды. Сәуір айынан бастап Tele2 брендімен Ақтөбе қаласы мен Батыс Қазақстан облысында өз қызметін ұсына бастады. ПыСы: Арасындағы орысша сөздерге мән бермей-ақ қойыңыз.Бағана шала қазақ шенеуніктен сұхбат алып едім, соның әсерінен айыға алмай отырмын.
Авторы:
Erbol

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту