"ГОВОРИ ПО РУССКИЙ !!! "
Ольга есімді орыс қатын қанымды қарайтты. «Говори по русский» деп бағжиды. Жоқ, сен қазақша сөйле дегім келген, бірақ айналамдағылардың бәрі қазағы бар, орысы бар, Ольганы жақтап ала жөнелді. «Она же не понимает, говорите по русский», «ол түсінбейді ғой, ұялсаңшы», «Масқара, орысша білмейсің бе» — лер масқарамды шығарды. Дүкеннен қашып шықтым. Давлением 180 ге бірақ барды. Қарайып отыр қаным, шығардай болып жаным! Осы біз, қазақтар неге ұялуымыз керек?
Кеше Казақтың Ұлттық Заң Университетінің асханасында қазақ әйелге, «Сәлеметсіз бе» деп өзімсіне беруім мұң екен, «говорите по русский» деп тыйып тастады. Айналамдағы студенттер мүсіркей қарап, мұрындарын шүйірді.
Өткен жексенбіде орыс көрші, «вы почему не поезжаете к себе, в аул. Казахи должны жить не в городе, а в ауле, там же вам удобно» деп айтып салған.
Не істесем екен? Ауылға кетем бе енді? Әйтпесе орыстардан ұят…
