Интернетті Mail.ru деп қарайтын жастар көп.
Анда -санда қаладағы интернет клубтардың біріне кіре қалсаң, интернетке шығып отырған жастардың көбісі майыл.руға жабысып агентпен әлек болып отырғанын көресің. Бұл неліктен өйткені майыл руда ылғида жеңіл тақырыптар талқыланады. Қыз іздеу (немесе жігіт) танысу, құрғақ әңгіме айту ең сорақысы бостан босқа жастық шақтың алтын сәттерін шығындау ғой бұл.Қазақстандық БАҚ тардың сайтын ашып ондағы түйінді мәселелерге өз пікірлерін білдіріп жатқан бірде бір жасты көрмедім қазіргедейін. Бұл жастарымыздың соншама ұсақталып бара жатқандығы ма? саяси сауаттылықтың төмендігі ме? саясатты қояйықшы жарайды, интернеттен басқада көп нәрсе үйренуге болады ғой, мысалы ІТ жағын көбірек үйренсе жастарымыз, біздің қазақ интернеті жоғары жаққа жалтақтамай ақ дамитын еді.
