Ескі архив · 18.05.2011 13:10

МЧС: Мә, че случилось?

«МЧС» сөзінің алматылықтар жаңаша тарқтатып, түсіндіре бастағанын кеш те болса естіп отырмын. МЧС — Мә, Че Случилось? Бұл әзілде де зіл бар-ау. Кеше кешкісін Алматыдағы нөсер мен бұршақтың соңы кісі өліміне ұласты. Қас пен көздің арасында айналаны қап-қара түнек басып кетті. Ресми мәлімет Алматыда болған дауыл салдарынан 33 ағаш, бір қоршау құлап, 22 үйді су басқан, 31 жерде электр желілері үзілген деп хабарлады. Көшеде ағаштар тамырымен опырылып, тіпті жол бойындағы көліктің үстіне құлап түскенін де көрдім. Қаладағы көше қиылыстарындағы жол асты дәліздері суға толып қалған. Ал оның ішінде ірілі-ұсақты сауда нүктелері бар еді. Сатушылар қалай құтылды, сол сәтте нөсерден тығыламын деп жер асты өткеліне тығылғандарды тоқ ұрмады ма екен де сұрақтар мазалайды. ...Қайтыс болған туристер сол кезде далада да жүрмеген. Тау жақтағы ғимарат ішінде палатка ішінде болған екен. Үстеріне ағаш құлап, 24 жастағы жігіт жан тапсырды. Қасында болған адам қазір ауруханада екен. Қыстың күні де қалың қарды көтере алмай сынған ағаш студент қыздың үстіне құлап, мерт қылған еді. Алматының ағаштары да ажалға себепші екен-ау… Суретті Сәния кеше түсіріп алған екен, блогынан алып, жариялап отырмын. пысы. «че случилось» сөзі орысшадан аударғанда «Не болып қалды өзі?» деген мағынаны білдіреді.
Авторы:
urimtal

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту