Ескі архив · 18.05.2011 18:37

Сандық қолтаңба алдың ба?

Алмасаң тездетіп ал. Саған дейін 517513 адам сандық қолтаңба алып алды. Бұл деректі бүгін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ашық кілттер инфрақұрылымы департаментінің директоры Айдос Сүлейменов айтыпты, БАҚ-қа. «Қазіргі таңда Қазақстанда жеке және заңды тұлғалар үшін 517513 электрондық сандық қолтаңба берілді. ЭСҚ көмегімен кез келген азамат www.egov.kz «электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтерді ала алады. Ал заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер www.goszakup.gov.kz порталында электрондық мемлекеттік сатып алуларға қатысуға толық құқыққа ие болады деді ол",- деп жазады менің әріптесім. Айтпақшы сандық қолтаңба алу тегін. Әрі біраз нәрсеге қолайлы екен. Мен алып едім қазір рахат, бар нәрсені осымен шешіп жүрмін деп соғып жіберсең. Жоқ, біраз қолайлы екен.Өткенде ЦОН-ға жүгірмей анықтама алдым.Ақысы төленбеген.Сандық қолтаңбаның жақсылығын көріп, тегін -ақ жарнамалап отырмын)))
Авторы:
Erbol

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту