Ескі архив · 18.05.2011 13:13

SM Entertainment Қазақстанда кастинг жариялайды

SM Entertainment – Оңтүстік Кореяда беделді продюссерлік орталығы Қазақстандық өнерпаздарға кастинг жариялайды. Кастинг Алматы қаласында 2011 жылы 11 шілдеде өтеді. Іріктеуге ұлты, жасы, жынысына қарамастан кез-келген азамат қатыса алады. Финалға шыққан жеңімпаз әлемдік сахналарда SM Entertainment қатысушыларымен бірге Азия құрлығының атынан өнер көрсетеді. Бұл продюссерлік орталық қазіргі уақытта әлемге танылып үлгерген BoA, Super Junior, SNSD, SHINee, f(x), KANGTA, The Trax, Го А-ра, Ли Ён Хи сияқты өнерпаздармен жұмыс істейді. (Корея индустриясымен таныс емес адамдарға айтарым, өз арасында өте танымал топтар, әншілер, дарынды өнерпаздар). Бес саусағынан өнер тамған әрбір адам осы кастингке қатысып, өз өнерін көрсетсе болады. Жеңімпаз SM Entertainment орталығымен жеке контрактіге отырады. Толығырақ мына жерде. ©Yesasia
Авторы:
Zere

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту