Қарама-қайшылық. (кино туралы ой-толғам)
Қызық деймін осы, қазіргі кезде кино саласында қанішерлер (вампир), жындар (дьявол) туралы неше түрлі кино көресің. Сонда сол кинолардың бәрінде христиан дінінің құдай үйлерінен, қасиетті сулардан (священное вода), крестерінен, библияларынан қорқып жатады. Әйтеуір соңында солар жеңіске жетіп жатады.
Ал ислам дініндегі осындай жындарды жеңгені туралы кинолар жоқтың қасы.
Сол жаңағы қаптаған ужастиктерді көріп алып мәз боламыз, солардың ішінде христиан дінінің сүрелерін оқып жатады. Түсінбесекте соларды көріп, жеңіске жеткендерге мәзбіз.
Ал ислам діні ұстанатындар кино түсірмейм ма деген ой келеді, әрине ислам дінінде сурет салу харам дейді, бірақ осындай кинолар арқылы дін ұстанымынада әсер етуге болады ғой.
