Ақырзаман болса ең бірінші не істер едіңіз?
Америандық ғалымның айтуымен осы сенбі 21 мамыр күні ақырзаман болады дейді. Алматыда тоқтаусыз жаңбыр басталғалы, жер сілкінгелі білгішбектер 21 мамыр 2011 жылы болжаған ақырзаман болатын болды деп шулап жатыр.
Тіпті интернет беттерін ашып қалсаңыз 1- іздеудегі сөз де ақырзаман екен. Тіпті небір түрлі "өміріңізді ақырзаманнан сақтандырыңыз",- деген жарнамалар немесе "өміріңізді соңғы уақытында не істер едіңіз?" деген сияқты сұраунамалар көбейіп кетіпті.
Тіпті кейбір елді мекендер ақырзаманға дайындалып жатырқ деп хабар да таратып жатыр екен.
Дегенмен, осындай болжамдар адамдар өмірінде жиі айтылатын болжамдар қатарына жатады екен. Тіпті кейінгі жылдары әр бір жылы ақырзаман болады деп күтіледі екен. Ол даталарды мыннан көре аласыздар.
Сонымен, ақырзаман болатыны нақты болса ең бірінші не істер едіңіз?
