Ескі архив · 19.05.2011 10:55

Қораздар сайысы! @Ahi vs @Ojdan

Тақырыпқа қарап Ахи мен Ождан төбелесіп қалды деп ойлап қалмаңызда. Дұрысы мен қызық болсын, жұрта назар аударсын деп жаза салдым. Қысқасы былай, күлен талды білетін шығарсыздар. Сол талдың ұрығы ма білмедім қораз қылып ойнайтын бір жапырағы бар. Оны бәрлерің бала күндеріңде ойнап көрген шығарсыңдар. Өткенде көшеде бір бала ойнап жатыр екен, есіме түсіп кетті. Содан кішігірім қораздар сайысын ұйымдастырмақпын. Бір тобына Ахилаторлар, екіншісіне Ождановтар деп ат бердім. Ешкім қарсы болмас. Тігілген ақша да аз емес екен. Ойын аяқталды, жеңімпаз өкінішке орай Ахилатор болып шықты. Олардың үш қоразы аман қалды. Ождановтар түгел қырылды
Авторы:
konvict

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту