Тәтті балмұздақ
Міне, жаз да келіп қалды, балақайлар мен қосыла үлкендердің де балмұздақ жеу маусымы басталды)
Әңгімені неден бастасам екен?..
Біз жақта балмұздақ дайындауды аз да болса өнер ретінде санап/түсініп жасап жатқан ешкім жоқ.
Арнайы рецепт бойынша дайындайды, келген адамға құйып береді, ақшасын алады — осымен болды. Қосымшасы сол — зауытта дайындалғандарды сату.
Қай жерде құймалы жақсы балмұздақ сатылады деп сұрасаң — пәленшенікі жақсы, таза сүттен жасайды, деген жауаптан басқа ештеңе жоқ.
Жылда жейтініміз сол.
Ерекше жасалынған, сүйсініп жейтін ешқандай балмұздақ жоқ.
Басқа өңірлерде де осының ары берісі болса керек? Ірі қалаларды айтпағанда.
Балақай кезімізде киноларда, қол пәкеттерде жемістермен, жаңғақпен әдемі жасалынған балмұздақты көріп сілекейіміз ағатын еді)Сондай балмұздақты осы күнге дейін әле жемеппін, Алматыда көріп едім бір орыс қыздың жасайтынын, сол жерден балмұздақ жеуге еш реті келмеді да, келмеді)
Қазір әдемі жасалынған мына «музқаймоқ»тарды көріп, осылай жасап көруге қызығып отырмын) қолымнан келермекен?
Достармен бірге «музқаймоқ» жеген жақсығой — жемесең несі жақсы?)))
P.S: Altygradus сүгіреттер көрінбесе ренжімеш, плеасе))
