Ескі архив · 20.05.2011 09:40

ҚАБЫРҒАМ АУЫРЫП ЖҮР АПА...

Сәлеметсіз бе апа! Мен тағыда өзіңізге хат жазудамын. Уайымдамаңыз, менде бәрі жақсы.Жұмыстан келе сала жазып отырмын бұл хатты. Есіңде ме апа, бала кезімде аттан құлап мына жерім ауырып жүр дейтінім. Енді мен ол жердің қалай аталатынын білемін. Қабырға деп аталады екен. Апа, мен Ислам діні жайлы көп кітаптар оқып жүрмін. Әйел адамды Жаратушымыз Адам атамыздың қабырғасынан жаратқан екен. Апа, келініңізді Сіз, ол Сізді көрмеседе әр жұма шелпек пісіріп Құран оқимыз! Апа, соңғы кезде келініңіз жиі ауырып жүр. Біресе ауа жетпей қалады, біресе құса береді, енді бірде басы айналады. Апа, сірә сен немерелі боларсың…
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту