Ескі архив · 20.05.2011 15:28

Ақтөбеде паника

Бүгін қарындасыма телефон шалған едім, қалада паника екенін айтты. Ваххабистер егер «Нұр-Ғасыр мешітін жапсаңдар Меганы жарамыз» депті дейді. Жаңа ғана бір досыммен сөйлестім, Вокзал жақта тұрады. Терезеден қарап отырмын, Вокзалды және алдындағы алаңды босатып жатыр дейді. Не болып жатқанын… Мұндай хаостың болуына менттер өздері кінәлі. Кімнен қорқады? Айтпай ма «иә бұл террористердің ісі» деп. Қылмыстары көп бір қылмыскер жазадан қашу үшін осылай істеді деп өтірікті соқпай. Кім сенеді бұған? Ақтөбе жалпы батыс аймақ террористердің ордасына айналып болды. Солармен неге агрессивті түрде күреспейді. Неге бірнешеуін өлтіріп, суреттерін жария етпейді? Неге оларды дарға асып, Отан сатқындары деп жарияламайды? Халықтың сенімі азайып барады. Олар халықты қорғау керек емес пе? Әлде бұдан кейін халық өздерін өздері қорғай ма?
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту