Болады екенғой!!!
Мәәә, мынаны көріп қорс-қорс жылап алдым…
Шаншардағы Уәлибек көкеміз мода жайлы әзіл әңгімесінде: — Қыздардың киімі қысқарып қысқарып, соңында асты да үсті де жіп болып қалады, сол жіп ақыры үзіліп, бәрі "....." жүреді деп айтып еді))) Ол жіптің үзілуі біреуге қуаныш, біреуге қайғы екені адамдардың өздеріне ғана мәлім…
Біздің ауылда бір көрші қыз өте ұқыпты және қарапайым киінетін, ұзын юбка, жеңі қысқа көйлек, өзіне сондай жарасымды, сол қызды көріп бір сүйсінетін едім + сүйгім де келетін)))
Көшеде шорты морты, қысқа пудболкы, өте қысқа тағы бірдеме киіп жүргенін көріп жаңағы әңгіме ойға оралады береді. Үнемі емес енді, онсыз да мәселе жеткілікті:)
Айтайын дегенім, кеше түнде дизайн пырталда сүгірет іздеп отқам, содан мына үнді қыздарының сари киім үлгілері шыға келді, қыздардың киімі қысқарып жатқан мына заманда мұндай ұзын және сәнді көйлекті көріп «Болады екенғой!!!» деп қорс-қорс жылап жібердім:) Қысқа киімді одан беттер қысқарта бергенше — ұзын көйлекті жарасымды һәм сәнді етіп киюге болады екенғой!!! Дұрыс түсініңіз, қазақ қыздары үнді қыздарының сари көйлегін кимеседе — осылай ұзын көйлекті сәнді етіп киінгеніне не жетсін???
Үнді қыздарына ерекше ырыспек!!!
Жалпы, қыздар не киемін десе де — өздері білсін. Анандай ки, мынандай ки деп еш бір қыздың миын ашытпаймын да)
Жәй ғана айтарым — осылай әдемі ұзын көйлек киіп жүрсеңдер үш есе гузәл болып кетесіңдерғой!!!)
P.S: AKY сіз жазғандай етіп суретті орналастырдым, егер сурет көрініп тұрса — кәттә грәсиәс!!!
