Ескі архив · 20.05.2011 13:37

“Мінбер” тренингіне қатысушылар тізімі (Алматы қаласы)

Сүйінші хабар! Қымбатты оқырман! Осыдан екі ай бұрын дәстүрлі «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» атты семинар-тренингіне қатысу үшін «Мінбер» сайтында арнайы байқау жариялаған едік. Байқаудың тақырыбы – «Блоггер болғым келеді» немесе «Қазақтілді БАҚ және жаңа медиа» болғаны белгілі. Бүгін біз сол байқаудың қорытындысын жариялап, семинар-тренингке қатысуға кімдердің жолдама алғандығын хабарлағалы отырмыз. «Мінбердің» дәстүрлі семинарына қатысу үшін жариялаған байқаудың алғашқы мәресі жақындады. Былтырғы семинардан биылғы семинардың ерекшелігі – оның қаншалықты өзекті екендігін ескере отырып, Алматы мен Астана қалаларында өткізуді жөн көрдік. Алматы қаласына қатысушылар оңтүстік өңірден – Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған және Батыс өңірден – Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шығыс өңірінен – Өскемен, Семей және Алматы қалаларынан өтініш берді, Астана қаласындағы семинар-тренингке қатысушылар Солтүстік өңірден – Қостанай, Қызылжар-Петропавл, Кереку-Павлодар, Көкшетау, Орталықтан – Қарағанды, Жезқазған, Батыс өңірінен – Атырау, Орал, Ақтөбе, Ақтау, Шығыс өңірінен – Өскемен, Семей және Астана қалаларынан өтініштер түсті. Сонымен, осы уақыт аралығында бізге 60-тан астам мақала келіп түсті. Мақалаларға қойылған негізгі талап – жаңа медиа технологияларын қаншалықты деңгейде игерген және проблеманы қалай түсінгендігіңіз сарапқа салынды. Сондай-ақ, біз аймақтардан келген мақалаларға баса назар аудардық. Біз бүгін Алматы қаласында 27-28 мамырда ҚМЭБИ (КИМЭП) оқу орнында өтетін семинар-тренингке қатысушылардың тізімін жариялағалы отырмыз. Ал, Астана қаласындағы семинарға қатысу үшін өтініш беру маусымның 10-ына дейін жалғасады. Олар: 1. Айжан Құлмұханбетова / Алматы 2. Ақырыс Сейтқазы / Алматы 3. Гүлжайна Алтынбекова / Қызылорда 4. Камшат Әбдірайым / Ақтау 5. Жазира Әбіл / Ақтау 6. Әйгерім Бозанова / Қызылорда 7. Ерлік Ержанұлы / Алматы 8. Жаңылай Базарбаева / Алматы 9. Жансая Жүнісова / Қызылорда 10. Әдина Жүсіпова / Алматы 11. Науатбек Иманбеков / Тараз 12. Ақкөңіл Қабылбекова / Талдықорған 13. Рыскүл Мадвасова / Cемей 14. Меруерт Сафаева / Cемей 15. Ерлан Тәжен / Алматы 16. Эльвира Үсенова / Талдықорған 17. Ұлықбек Әлиакпарұлы / Түркістан 18. Гүлбиғаш Омарова / Алматы 19. Табиғат Абаилдаев / Тараз 20. Құралай Қуатова / Атырау 21. Раушан Мақымова / Шымкент 22. Құралай Ахметова / Шымкент 23. Әсел Берікболова / Өскемен 24. Бекбосынова Гүлмира / Өскемен 25. Салтанат Ақтәжиева / Атырау 26. Аслан Сыдықов / Ақтөбе Семинарға қатысушыларды құттықтай отырып, таяу арада тренингті ұйымдастыруға байланысты қосымша мәліметтер жеке пошталарына жолданатынын еске саламыз. www.minber.kz/?p=4625
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту