Ескі архив · 20.05.2011 17:44

ПІКІР ЖАЗУ - ҚУУ ЕМЕС ШЫҒАР

Қазақ блогшыларының арасында неше түрлі «иттер» қалыптасып келе жатыр. Үруде кәнденнен кем емес. Тістеуде төбетті шаң қаптырады. Қорқаулығы қасқырды жұмыссыз қалдырардай. Сыңарезу, топас, білімсіз, өтірік жынды, тәкәппар, тоңмойын т.б… Біреудің жазғанына өтірік қарсы шығып, бара-бара өз өтірігіне өзі сеніп, сол үшін ит қырқылжың болып, қасындағы сасық «союзниктерін» жинап, «давай, бәріміз жабылайықтыққа» салынып, қара терге түседі. «Жеке жеңістің» жолында жанындағыларды жайпап, көршісін көрге тығып, «көңілге қарауды» к… тке сүртуден тайынбайды. Онысын, “әркім өз пікірінде” критериіне жауып, теліп, балап, көрсоқырлығын одан арман үдетіп, дамытып, арынын арттырып болады. Шармамайды да, әсте талмайды… Жә, жаңағы сыңарезу, топас, теріс, пайдасыз пікірінің зияны бір өзіне болса нем кеттілікке салынуға болар еді ғой… Қорқыныштысы сол, ондай сыңарезу, топас, теріс, пайдасыз, антиқазақи, білімсіз пікір сымаққа біреулердің еріп, сеніп, мойындап, иіліп кетуінен сақтанбайтыны… пікір жазу — қуу емес шығар…(әсіресе дін мәселесінде)
Авторы:
zhazular

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту