Барахолкинг
Таң атпай тұрып алып, сағат 11-де барахолкаға барып қайттым. Келесі шабат жездемнің туған күні еді. Соған бір аяқ киім алу керек болды.
Жолай базар аралап жүріп, қара көзілдірік алғым кеп жүргені еске түсіп кетті де, біреуін сатып алдым. Мәшинемен мініп жүрсең, күнге қарсы жүргенде өте керек нәрсе екен. Осы уақытқа дейін мәшинемен күнге қарсы бағытта жүруден зайып алым шығып жүр еді. Бұл өзі мен сияқты бала шопырға* жақсы болды. Күн шақырайып тұрған кезде қара көзілдірікпен мәшине айдап, тоқтағаннан кейін көзілдірікті шешсең, көз кәдімгідей тынығып қалады екен. Соны байқадым. Әлде маған солай елестеді ме...
Сосын қазір еркектерге арналған иыққа асатын шағын сумкалар шығыпты ғой. Мына суреттегі сияқты, бірақ бұдан да кішірек:
Бұл өзі жаз шыққанда өте пайдалы нәрсе ме деп қалдым. Үстімізге киетініміз — қалтасы жоқ футболка. Заттарыңның бәрін қолыңа ұстап жүре алмайсың. Бар қорлықты джинсы шалбарыңның қалталары көреді. Бір қалтаңда — бір қорап темекің мен оттығың, екінші қалтаңда — карточка салғышың, оның астында бір бума кілтің жатады. Олардың ішінде араласып майда тиын-тебендерің жүреді. Мәгезіннен темекі, су, оны-мұныларды сатып алатын кезде, қалтаңды бір ақтарып, ішіндегі заттардың бәрін бір шығарып, қайтадан салып жүргенің. Былтыр жеке куәлігімді джинсидың артқы қалтасына салып екі апта жүріп едім, мыж-тыжы шығып кетті :(. Сосын, өз басым қалтама қолымды салмай жүре алмаймын. Сондай кезде қалтаны томпайтып тұратын заттардың бәрін осындай сумкаға салып алып жүрген ыңғайлы ма деймін.
Бірақ амал нешік, ондай сумка таба алмадым. Біреуі кездесіп еді, иыққа асқышы тым қысқа екен — сумка қарнымның үстінде тұрады. «Асқышы ұзынырағы болмай ма?» деп едім, сатушы мұжық "Қазір тауып беремін" деп іздеп көрді. Таппады. Сосын, басқа сумкалардікін салып бере салайын деп еді. Асқыштардың барлығының ұзындығы бірдей екен. Сатушы өзі қыжалат боп қалды :)
Келесі жолы аламын деп отырмын енді.
…
*бала шопыр — мәшине мініп жүргеніме бір жыл да болған жоқ. Сондықтан шопыр бала деңгейіне жете қойған жоқпын деп ойлаймын. Әзірге бала шопырмын дегенім дұрыс болатын шығар.
