Ескі архив · 23.05.2011 17:42

Ақиқат пен миф (Konvict-тің рухына)

Бұл постымды бауырым @konvict-тің рухына бағыштаймын! © ҚараСақал — Кім, кім? Қашан? Жоооқ! Абай ұйқысынан шошып оянды. Кешегі күнді есіне түсіре алмай мең-зең болып кереуетінің қырында біраз уақыт көзін уқалап отырды. Ары ойланып, бері ойланып еш есіне түсіре алмаған соң, амалсыздан қайта жылы төсегіне сүңгіп кете салды… — Өлтір, өлтіііір, кетіп барады… Жарылғыш лақтыр! Басынан ат, басынан ат! Тығылатын жерді көрсетем мен саған, биттің баласы! Бұл жайлап жүріп келді де қараңғы бөлмеге тығыла кетті… @TERISKEI ызаға булықты. — Сболыш, көріп тұрмын сені! Шық дедім саған, шық жаныңның барында?! — Субханаллаһ, шық дедім саған! — деді @Ahi бар даусымен қолындағы АК-47-сін аспанға атқылаған күйі. Үн жоқ. — Біреудің қолында жан тәсілім еткеннен гөрі өзім өлгенім артық! Абай гранатасын қолына алды да өз алдына тастай салды. Аз уақыттан соң жаңағы бері айғайлап жатқан @TERISKEI мен @Ahi-дың құлақтары жарылыстың даусынан бітелуге шақ қалды. Тез арада өз құлағын жегідей жеп, шыңылдаған дауыс шыққан жаққа жүгірді. Жеткендері сол еді, аспанда гранатаның әсерінен қалықтап ұшып бара жатқан @konvict-тің денесіне көздері түсті… — Машаллаһ! … — Scheschesse! Ойнамаймын нақ! Қатты ойнайсыңдар ғой лібәәә! Қой қайтайын, әби шақырыватыр! — деп жыларман күйі @konvict ойынханадағы орнынан тұрды, — Келесіде үйреніп келем… … Әйтсе де жүзі күліп тұрғанымен, көңілінің түбінде «сболыш, ептібайымайдтар» деп ызаланып тұрғаны көзінен белгілі еді…
Авторы:
blackbeard

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту