Ескі архив · 23.05.2011 22:30

Досымжан Таңатаров гастрөлдік сапармен Қызылордада болды

Бүгін қазақ эстрада жұлдызы Досымжан Таңатаров Қызылорда қаласында Н.Бекежанов атындағы драма театрында жеке концертін өткізді. “Қызылорда-мен үшін ерекше, мен үшін биік. Репертуарымда қызылордалық сазгерлердің бес әні бар, бұл- менің Қызылордаға жақын екендігімнің нышаны” деп, кешті “Ерекше” әнімен бастады әнші. Концертте Б.Есебаев, Ж. Кеңесханов, О.Бигелдиев, С.Лұқпанов әні мен сөзіне жазылған “Сүйгенім”, “Анашым”, “Әке жыры”, “Ақ көйлекті қарындас”, “Айшуақ”, “Жүрегім нені сезесің”, “Жүрек сыры”, “Қимаймын сені басқаға”, т.б. әндері орындалды. Сондай-ақ “Сағыныш”, “Ғұмыр” топтары, жас әнші Ж.Өтегенов те өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. “Концерт өте қызықты әрі көңілді өтті. Досымжан Таңатаров ән айту барысында өзінің басынан өткен қызықты сәттерімен де бөлісті. Досымжанға шығармашылық табыс тілеймін” дейді қызылордалық көрермен Шолпан Абуталипова. Қазақ эстрада жұлдызы Д.Таңатаров “Осыған дейін Солтүстік өңірлерде, Ақтөбе, Қарағандыда болып, гастрөлдік концертін Шымкентте аяқтаймын” дейді. Кеш соңында әнші “уақытын бөліп, шынайы өнерді бағалап, жақсы қошеметпен бағасын берген талғамы жоғары қызылордалық тыңдармандарға” алғыс білдірді.
Авторы:
meruert

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту