Ескі архив · 24.05.2011 10:46

Бұл не жарылыс?

Астана қаласындағы ҰҚК-нің уақытша ұстау оқшаулау қамағының (изолятор)қасында тұрған көлік жарылып кетті. Осыған байланысты мәлімдеме жасаған ҰҚК баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров мұны лаңкестердің ісі деуге болмайды дейді. Көлік өз өзінен жанып кейін жарылып кеткен. Қызық, неге көлік дәл ҰҚК ғимаратының қасында жарылады. Қарап тұрып өзінен өзі жарылып кететіндей ол не қылған машина. Техникалар өзінен өзі жарыла беретін болса бәріміз баяғыда қырылып қалмаймыз ба? Әрине, бұл оқиғаны елімізде болып жатқан лаңкестік әрекеттерге қатысы бар ма, жоқ па, айта алмаймыз. Бірақ көңілде күдік көп. Бейресми мәлімттерге қарағанда зардап шегушілер бар. Бірақ Кенжеболат Бекназаров осы оқиғаға байланысты полиция жұмыс жасап жатыр деп қысқа ғана тұжырды. www.masa.kz Сурет: dni.ru
Авторы:
seken

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту