Ескі архив · 24.05.2011 23:02

BOTY 2000 финалы: Flying Steps (Германия) vs. Waseda Breakers (Жапония)

BOTY дегенге, резіңке етік деп ойлап қалмаңдар. Battle Of The Year деп талданатын, брейкданс командаларының арасында өтетін әлем чемпионаты тәріздес шоудың аты ғой :)) Flying Steps деген Германиялық команданың атын бұрыннан еститінмін. Әлемдік деңгейдегі брейкданс жұлдыздары десе де болады. Енді солардың қай жері мықты өзі деп интернетті ақтарып жүріп, мына бір жарыстың финалын тауып алып, көріп отырмын енді. 1-бөлімі: 2-бөлімі: 3-бөлімі: Бұл баттлда Flying Steps жеңімпаз болып танылды. Waseda Breakers тобы "Үздік шоу" номинациясы бойынша жүлде алыпты. Меніңше, жапондар жыртып кеткен сияқты. Фантазиялары да, оны іске асыратын мүмкіндіктері мен қабілеттері де баршылық екен. P.S.: Жарыс 2000 жылы болған.
Авторы:
omarbirat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту