Ескі архив · 24.05.2011 17:46

Күнәні күліп істесең

Күнәні күліп істесең Тозаққа жылап кіресің. Ғапылдыққа түспесең, Жауаптың барын білесің. Дүние, атақ, тәж бен тақ, Барлығы мұздан түзілген. Мәңгілік бақты іздеп тап, Қолыңды сенің үзілген. Ойлаған бағың малың ба, Жоқ, ол да сенен алыстар. Балалар менен жарың ба, Жоқ, өлсең жерге табыстар. Достарың шығар тым адал, Сөзіне бекем, ісі нық. Жоқ, досты, Келсе шын ажал, Кетеді аттан түсіріп. Жан-жаққа текке қарама, Өзіңді босқа қинадың. Жүректің түбін арала, Бақытың — сенің иманың. Қазірден бақты тауып ал, Рухыңмен жасар мәңгілік. Ертеңгі күннен қауіп ал, Махшарда қалма мәңгіріп. Авторы: Дарын Мубаров.
Авторы:
Ahi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту