Ескі архив · 24.05.2011 11:57

Мерген Best Original Songs байқауының 4-і кезеңіне өтті. Қолдау білдірейік!

Осыдан біршама уақыта бұрын @batyr «Мерген» деген лақап атпен ән салатын Ақмарал есімді әншіні таныстырған еді. «Адасқан жан» деген клипін көріп, жаңашылдыққа ұмтылғанын көріп, тәнті болған едім. Клипін іздеп отырмас үшін қайыра ұсынып отырмын. Содан бері Ақмаралдың twitter-дегі жазбаларын оқып отырамын. Қызық қылғанда ол да менің жазғандарымды оқып тұрады екен. Бір күні екеуміз бір іс-шарада жүргенде туит жазған кезіміз болды. Мен сахнаға шығатын әншілерді тізбелеп, дайындықтың нашарлығын айтып тұрсам, дәл сол сәтте сахна сыртында тұрып ол да туит арқылы ұйымдастырушыларды сыбап отыр екен :) Мерген қазір «Best Original Songs»деген америкалық байқауға қатысып жатыр. Байқаудың төртінші кезеңіне де өтті. Ендігі кезекте 30-мамырға дейін онлайн дауыс беру басталды. Мүмкіндіктеріңіз болса, сілтеме бойынша өтіп, Мергеннің әндеріне дауыс бере салсаңыздар болады. Дауыс беру үшін 1. Мына сілтемеге өтіңіз 2. Тізімдегі The Game (Ойын) — Mergen Monshak kar (Snow as a beads) — Mergen деген әндердің тұсынадағы Vote дегенді басасыз. Маған «Моншақ қар» деген әннің атауы ұнады :) Тыңдап көріңіздер Find more artists like Mergen at Myspace Music Пы.сы. Ән бәріне бірдей ұнамауы мүмкін. Мергеннің орындауындағы басқа әндерді facebook-тағы парақшасынан да тыңдауға болады.
Авторы:
urimtal

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту