Ескі архив · 24.05.2011 01:47

Сат деп тұр ма, ал деп тұр ма?

Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы жарнама плакаты. Орысшасы болмаса, мына жарнаманы көріп, екі түрлі ойға келдім: 1) не емледен қате кеткен, 2) не полис сатып алдауға шақырып тұр. Қосымша сыйлығымен де қызықтырып жатыр. Неғұрлым көп адамның құлақтарынан теуіп, бұлардың полистерін сатып берсең, қосымша сыйлық аласың. Жоғарыда жазғаным қалжың ғой. Бірақ жалғау мен шылауды шатастырмай дұрыс жазудың маңызы осындайда біліне ме деймін.
Авторы:
omarbirat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту