Алғаш рет көлікпен жұмысқа келдім
Жақында көлік алған болатынмын. Анау-мынау ұсақ-түйек жөндеулерін жасатып, құжаттарын реттегеннен кейін (ескі көлік), қалаға шығып кетуге бата алмай жүргенмін. Бүгін таңертең тұрдым да, өз-өзіме: "Қашанғы үрке берем нақ, тәуекел деп шығып кетейін" дедім іштей. Жұбайымды қасыма отырғызып алып, шығып кеттім. Оның жұмысы жақын еді, оны жолшыбай түсірдім де, қаланың орталық бөлігіне тарттым. Қызықтың көкесі сонда басталды. Баяу жүргеніме өзге жүргізушілер сигнал беріп, одан мен бірнеше рет көлікті сөндіріп алып… очм, приключениелер болды неше түрлі. Әншейінше 20 минутта жететін жерге, 30-40 минуттан астам уақытта жеттім әзер дегенде. Лібә, осы көлікке қызықпайтын адам едім, қатын қояр да қоймай алғызып…
ПыСы: Көлік алғанда, құжаттарын жасатқанда, жөндеткенде көмектескен керекшілер @omarbirat, @Erbol браттарға рахмет!
