Флешкамызды вирустан қалай қорғауға болады?
Көптеген вирустар autorun.inf файлына өш екені аян. Флешканы компьютерге ілген сәттенақ ол автоматты түрде орындалады. Дұрысы, компьютердегі автожүктеуді өшіріп қою. Ал енді флешка кесел тасығыш болмас үшін келесі амалды қолдануға болады. Windowsтің файлдық жүйесі con. файлымен ешнқандай операция жасай алмайды. Сондықтан флешкадағы түбірде AUTORUN.INF файлын жасап оның ішіне con файлды қойсақ вирус өзінің autorun.inf — кеселді файлын қоса алмайды.
ПыСы. prn файлды қолдансада болады
Мұндай буманы windows те мына командамен жасайсыз:
mkdir \\?\I:\autorun.inf\con
Өшіргіңіз келсе:
rd \\?\I:\autorun.inf\con /s /q
100% дық пайдасы болмасада біраз вирустардан қорғаласыз
