Ескі архив · 25.05.2011 11:20

"Кариб теңізінің қарақшылары 4" қазақстандық прокатта рекорд қойды

«Кариб теңізінің қарақшылары: тылсым жағалауда» фильмі алғашқы бес күннің ішінде Қазақстанда рекордтық сома жинап үлгерді. «Меломан» компаниясының мәліметтеріне сәйкес, "Қарақшылардың" төртінші бөлімі бес күнде 164 миллион теңге табыс тапқан. Бұл Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Осы уақыт ішінде туындыны 160 мыңнан астам адам тамашалапты. Сонымен қатар, «Кариб теңізінің қарақшылары: тылсым жағалауда» фильмі, алдағы күндердің нәтижесі бойынша, Қазақстанның кинопрокат тарихында ең көп табыс тапқан туынды болуы мүмкін деп хабарланды.
Авторы:
qisyq

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту