"Лексус Қазақстан" 2010 жылды қорытындылады
Бүгін Алматыда «Лексус Қазақстан» компаниясы 2010 жылдың қорытындысын жариялады. Былтырғы жылы компания қызметі табысты болғанға ұқсайды, 219 Қазақстандық, бағасы бас айналдырар су жаңа Лексустың кілтін ұстапты. «Бұл біздің жоспардан 10 пайызға артық»,- дейді«Лексус Қазақстанның» президенті Шинго Като. Оның айтуынша биылғы жыл да тым қатты қарқынмен басталыпты. Жыл басынан бері 143 Лексус сатып үлгеріпті. Қазақтардың қарқыны қаттылығына қуанған болар,Қазақстанға гибридті Лексустер әкелетінін жеткізді. Гибридті Лексустың биыл санаулы мемлекетке ғана әкелінетінін ескерсек қазақтар жапондардың көңілінен шыққан секілді.
Ескерту: Көлік саласы қызық болмаса пікір жазбай-ақ қоюларыңызды өтінем.Әсіресе Жапондардың дінін айтып, мұсылмандар жасаған көлікті ғана міну керек, деген сияқты пікіріңдісспен тақырыпты дінге бұрып әкетіп, жауап берсең, оған дәлел сұрайтындарға. Мысалы мен дін туралы тақырыпқа түсінбесем пікір жазбаймын, өйткені сыйлаймын әркімнің пікірін. Так что сізде солай қарауыңызды сұраймын, әр тақырыпқа діни түсінік беріп отыратын кейбір ағайындар. Бұл Қазақстанда былтыр, биыл Қазақстандағы ресми өкілдігі арқылы қанша Лексус сатылды екен деген сияқты қызығушылықтары барларға арналған ақпарат. Мысалы өзім былтыр ашылған кезде ойлап едім, әй осылардың Лексустары сатылмай, ыңғайсыз бола ма екен, дағдарыста кім алар дейсің деп.Жоқ сатылыпты. Не болып кетті өзі, Лексус туралы жазам деп едім, пікір туралы жазып кеттім.
