Ескі архив · 25.05.2011 16:16

Ғұмырдың ТҮйсігін Түсініп

Түр-басы — ұсқынсыз, болмысы – бөлек тым, Жанары – ұшқынсыз, арыны – өр екпін. Санасы – сұйылған, ойлары – жеңілтек, Сұлбасы – портреті – тым ұзын — ТЕРЕКТІҢ… Болмысы – бөлектеу — Ғаламның Ол үшін жат бәрі. Ғұмырдың Түйсігін түсініп, Тірліктің Табалдырығын аттады. Бақидің тілінде тілдеспей, Фәнидің ТЫМ ҰЗАҚ ЖОЛДАРЫН Жаттады. ...ғаламның АЛТЫНШЫ ҚҰРЛЫҒЫ – Тек соның МЕКЕНІ. Қалған БЕСЕУІ – Маңынан маңайлап өтеді. ӨТЕДІ-КЕТЕДІ. Бәлкім… ТОҚПАҚТАП – ТҮБІНЕ ЖЕТЕДІ. … Оның Үні – Ғаламға әуез боп таралған. … Оның жүрегі – Еттен емес – Танталдан жаралған. … Оның дерті – Ауруханада емес – ПОЭЗИЯ ПАЛАТАСЫНДА ҚАРАЛҒАН… Жанары – Темірдің МҮСІНІ. Талабы – Тектілік ПІШІНІ. Тірлігі тым баяу – Ісі ІРІ. Ол Тәңірдің Құрбанға шалған – Ең соңғы түсігі… Бұған ДОС, көнбегін көн мейлі, ОЛ ЕНДІ ӨЛ – МЕЙ – ДІ!!! Табиғат Абаилдаев
Авторы:
Tabigat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту