Ескі архив · 25.05.2011 16:40

Отбасы құндылық па?

Режиссер Болат Атабаевтың Қазақ журналистерінің клубында жас журналистерге арнап тренинг өткізіп жатқанынан хабардар шығарсыздар. Айтайын дегенім, тренингтерінің бірінде жеті түрлі құндылықтардың ішінде әлеуметтік құндылыққа тоқтай келіп, отбасы, жанұя жайында сөз қозғады. «Отбасы сіздер үшін құндылық па?» деді бізге қарап. «Иә, әрине құндылық!»деп жамырастық. «Ал, батыста құндылық емес...» Ойланып қалдым. Расымен, ажырасу отбасына құндылық ретінде қарамаудан туады емес пе? Бұның негізгі түп-тамыры да- ерлі -зайыптылар арасындағы түсініспеушіліктен бұрын қоғамдық пікір, халықтық санада болғаны ғой… Еуропалық мәдениет дендеп енген сайын адамдар да Еуропаша ойлай бастады. «Пәленше ажырасып кетіпті» Қазақ үшін бұрынғыдай шок тудыратын жаңалық па? Сіз үшін ше? Батыста Болат ағамыз айтқандай бес-алты жыл бірге тұрса, олар үшін жаңалық. Әрине, бәрі үшін емес. Қоғамдық сана сондай. Өмірдің мәні олар үшін отбасы емес… Кейбір мұсылман елдерінде көп әйел алу құбылысы дәстүрге айналған. Әйелі өз күйеуіне өзі екінші, үшінші әйел алып беретін жағдайлары бар. Олар үшін сезім, махаббат, қызғаныш, отбасы, бақыт т.б.дүниелерден шариғат жолы биік тұрады. П.С: Мына өмір қас-қағымда зымырап өте шығар. Қай адамның да осы өмірдегі тындыратын ісі – отбасын құру, сүйкімді жар, сүйікті ана (әке) атану болса, қазақ үшін Отбасы әлі де құндылық болып тұрғаны үшін тәубә дейміз… «ushkin1.wordpress.com/»
Авторы:
ushkin

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту