Соңғы бұл, соңғы қоңырау!!!
«Сунгги бу, сунгги қунғироқ!» бұл ән өзбектердің мектепті бітіруші түлектерге арнап түсірген фильмінде айтылатын сауынтірек. 21-мамырдан бері өзбек кинотеатрларында көрсетіп жатыр.
Жалпы, сізге соңғы қоңырау қызық болған ба?
Осы жазбаны жаза сала мектепке қарай құстай ұшуым керек, бір інім мектепті бітіріп жатыр. Соның сыныбын суретке түсіруім керек, содан асығыс болған соң ештеңе жаза алмай отырмын. Жазатын қызық ештеме де жоқ, тек соңғы қоңырауды еске алып бірдеңе түртетінім болмаса.
Өзбектер мектеп түлектеріне арнап осы бір фильмді түсіріпті. Әле көрген жоқпын көркем фильмді, ол үшін Өзбекстанға бару керек) Қарақшылар дискке шығаруын күтеміз, көрем десеңіз біздің Жетісайда өзбектің барлық киноларын диск сатумен айналысатын таба аласыз.
Мынау трейлері:
Мынау кивидегі сілтемесі kiwi.kz/watch/halci60ubm29/
Фильмнен бірнеше сүгіреттер:
Соңғы бұл, соңғы қоңырау!!!
Өзім Өзбекстанда туылып өскендіктен — фильм жақсы түсіріліпшығарылған деген жақсы ойдамын + тезірек қарақшы дискте сатылымға түссе екен деген түйедәме)
Өзбектің киносы жайлы жазды деп сөкпеңіздер, келесі жылы бізде де қазақтардың «Соңғы қоңырау» фильмі шықса екен деген ниетпен жазып отырмын.
Жарайды, мен мектепке барайын, кешігіп жатырмын. Жақсы кадрлар болса салармын соңғы қоңыраудан.
Бүгінгі күніңіз көңілді өтсін сайттастар!!!!!!!!!)))))))))))))
P.S: Кешке сыныптастар жиналайын деп жатырмыз, 11 жылдыққа:)
