Ескі архив · 25.05.2011 08:21

Соңғы қоңырау!!!

БАРЛЫҚ, БАРЛЫҚ, БАРЛЫҚ ОРТА, ОРТА АРНАУЛЫ, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІТІРУШІЛЕРІНЕ!!! СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!!! Аңсаған армандарыңа жетіңдер! Болашақтарың жарқын болсын! Кездесу ұйымдастырып жатқан ТҮЛЕКТЕР! Үлгілі әке, ана болыңыздар! Әрқашан қуанышта бастарыңыз қосылсын!!! /Жазып кете берсем «кеңестік открыткаға жазғандай» деп күлер деп ойладым :)/ Мектептегі махаббат — махаббаттың патшасы Енесей мен Еділді шатастырып картадан, Ең алғашқы махаббат, басталады партадан. Күндей таза көңілің, қардай таза парақты, Махаббаттың толғағы басталады партадан. Шығармаң сол жазатын, шығаратын есебің Бүгініңді ұялтар еске түссе кешегің Түк жауап жоқ кешегі түнде жазған хатыңнан Білмегендей ол да үнсіз өте шығар қасыңнан Кешпегендер басынан сенбе мейлі сен мейлі, Ең алғашқы махаббат бірін бірі көрмейді. Айта алмас ем ерте деп, айта алмаймын кеш деп мен, Ең алғашқы махаббат басталады мектептен. Бәйшешектей бүр жарып, бұзып жарып сең тоңды, Ең алғашқы махаббат болу керек ең соңғы. Болар бәлкім қамалы, болар бәлкім қақпасы, Ең алғашқы махаббат — махаббаттың патшасы. *** Ең алғашқы махаббат махаббаттың бастауы Ең алғашқы махаббат махаббатың патшасы… /Наби Аймұратов орындаған/ /Кезінде барлық естелік-анкеталарға сия тауысып жазушы едік/ ● ● ● ● ● Қоштасар жылғы ең қимас сәттерім, сағыныштарым көп менің Қақтырдың қанат қияға қырандай, менің мектебім Бойжеткен қайда шашына ақ бантик жүрген тағынып Әке болсақ та әр үйде, сендерді жүрміз сағынып © Z@ttybek
Авторы:
edige

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту