Ескі архив · 26.05.2011 13:30

Бүгін жатақханадағы соңғы күнім

Бір түрлі сезім. Кеткің келмейді, бірақ комендант «кет те, кет» қылып жатыр. Амал жоқ… Қызығы мен шыжығы көп жатақхана ғой бұл. Әр комнатасы ыстық мен үшін. Таласып жеген тамақ. Қантсыз, сүтсіз шәй. Қара нанның өзі. Қарын "әнұран" айтып шұрылдағаны.Кешігіп қалып балконмен кірген кездер. Өмірдің басқа бір белесіне өтіп бара жатқандай сезініп жатырмын өзімді…
Авторы:
Ahi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту