Ең рақат жұмыс
— Әбілдің, рақат жұмыс сенікі! — дейді көлік жүргізуші налып, — комптан «сау» немесе «науқас» деген флаг қойып, отыра бересің!
Оған, осы флагты қоя салатын жұмыс үшін қаншама арақ ішіліп, ет желінгенін, профессор Қарсақбаевты ақыры тоймағасын, құдықтың басына апарып суарғанымды қалай ғана айтайын, чекбоксстың!!!
— Кетнақ! — дедім мен, — менікінен де рақат жұмыс бар!
— О не жұмыс, шешесстің?..
Сөйтіп, ауылдағы бір кісінің жұмысы туралы айтып бердім.
Ауылда бір татар кісі болды. Жұмысы: түскі сағат 11:00-де қайықпен көлдің нақ ортасына барып, ұзеееен сызғышты салады да, тереңдігін журналға жазып қояды! Соынмен — бітті! Күніне — 15 минуттық жұмыс, қалған уақытыңда іш, тыш, қыдыр! Сол жұмысынан абыроймен пенсияға шықты, типінақ: "қала жұртшылығын су басудан қорғаштаған кемеңгер тұлға" деген грамотамен.
Ал сендер қандай рақат жұмысты білесіңдер?
Тек өздерің көрген, танитын адамдардың жұмысы болсын, Инеттен тауып алған гугльқұсықтарың наққа да керек емес.
