Ескі архив · 26.05.2011 12:20

@patick перзентханада:)

Осыдан тура 24 жыл бұрын белді блогшы @patick әке-шешесінің тікелей көмегімен іңгәлап дүниеге келіпті. Сайттың көрігін қыздырып жүрген сері жігітке дүниенің бар жақсылығын тілейміз, темір тұлпарымен жүйіткіп аман-есен шауып жүре берсін. Денсаулығы мықты, өмір жолы түп-түзу болсын, берекелі отбасының отағасы болып жасай берсін дейміз. Тағдырдың тәлкегіне сенбесең де, Дүние тарлығына көнбесең де, Өзің біл! Өзің танда өз жолыңды! Қаншама биіктерге өрлесең де… Өтінем! Мансап деген төрге сенбе, Сенбе! Сенбе! Алмаған асуыңа — өрге сенбе, баспаған аяғыңмен жерге сенбе, ұмытпа достың барын, жаудың барын, беймезгіл безектеген шерге сенбе! Шындыққа сен! Өзгеге… Сенбе! Сенбе! Басы бүтін олжа алып көрмесең де. Шырылда! Шындық үшін араша бол: Тоңсаң да… Торықсаң да… Шөлдесең де… Бәрін де таразыла! Сезін… Білгін… Қажет пе? Есті! Тоқы сөзін гүлдің! Отқа түс. Шындық үшін өртенбейсің. «Сырғалы түн» Тағдырын құдай түзер төзімді ұлдың… Өзің біл! Қалған жайды өзің білгін. Өгейлеу өрті қалың белге сенбе, қоғалы, қамысы мол көлге сенбе, өтірік мақтағансып орға жығар аярлау айбыны жоқ елге сенбе! Өтінем: Сенбе! Сенбе! Шырылда! Шындық үшін араша түс: Жабығып, жаурасаң да, шөлдесең де… (Авторы: Нұрлан Оразалин) Шампандар атылсын, тілектер ағылсын қане:))
Авторы:
sammita

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту