Ескі архив · 26.05.2011 15:30

Силуэтті өмір салты!

Украинаға келгелі «таңертең ерте тұрып жүгіру керек еді» деген ой жиі келетін. Неге Астанада емес? Білмеймін, әйтеуір құнт жоқ ол жақта. Жұмыстың өзі адамды шаршатады. Дайындықты кеше бастадым (шыны керек, ең жағымдысы осы дайындық болды:))). Спорт дүкенінен арнайы шорты, майка, басқа киетін кепка алдым. Ондай қажеттігі болмаса да, қызулықпен бір шалбар ала кеткенімді жасырмай-ақ қояйын))) Бүгін таңертең сағат 6-да тұрдым. Ауа керемет! Адамдар да некен-саяқ. Құлаққа наушникті тығып алып 20 минуттай жүгірдім. Ужыс, соның өзіне ентігіп қалдым(( Сосын 10 минуттай жаттығу жасап, үйге қайттым да, душқа түсіп алып...ұйықтап қалдым. Осы жері ұяттау боп қалды негізі. Жарайды, ең бастысы, бастамасы басталды, жүре-бара жөнделерміз, ұзағынан болғай еді)))
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту