Ескі архив · 26.05.2011 19:58

Toyota Prius

Орыстың «Автомир» журналын оқып отырып, мен үшін мына бір ақпарат қызық болды. Toyota компаниясының Prius гибридті автокөлігінің сатылымы 11 жылда дүниежүзі бойынша 2 миллионға жетіпті. Бір ғана АҚШы автокөлік базарында 1 милллион данасы сатып алынған. Гибридті автокөліктер жайлы толық ақпаратты гуглдан іздеп таба аласыздар. Жыл өткен сайын Prius хэтчбек автокөлігі АҚШ-да ең әйгілі гибридті көлік санала бастаған. АҚШ-на 2000-шы жылы алып келінген көліктердің 97 пайызы қазіргі күнде жол жүруге жарамды екен. Компания өкілдерінің есепқисабы бойынша, бұл гибридті автокөлік, көлік иелеріне бензинге жалпы 2,19 миллиард доллар үнемдеуге көмектесіпті. Бұл 2 миллион автокөліктің 11 жылдың ішінде бензинге жұмсалатын шығынды – 2,19 млрд долларға азайтты деген сөз. Toyota компанисы автокөлік сатып пайда тауып қана қоймай, гибридті көліктерімен – көлік иелерінің бензинге аз қаржы шығындануына көмегі тиіп жатқанына ырза болдым! Тағы бір ақпарат, Түркімен елінде автокөлік иесіне ай сайын 120 литр бензин тегін беріледі екен. Біздің елде мұнай ағып тұрғанын жырғылып айтпасамда жақсы білесіздер. Жылдың белгілі бір маусымдарында мұнай зауыттарының жұмысын тоқтатып, бензиннің бағасын аспандатып жіберетіндері тағы бар. Мұнай саласы бойынша менің білім базамда дым жоқ есебі. Жоғарыдағы ақпаратты оқып, көкейде бір сұрақ пайда болды. Көкелеріміз мұнай өнімдерін әлемдік нарықта өзімізге сатып, маусымдарда бағасын қымбаттатып – еліміздегі автокөлік иелерін жылына қанша ақшаға артық шығындалуына көмектесіп жатыр екен? Осы тақырып бойынша білеріңіз бар болса, бөлісе отырыңыз.
Авторы:
direct

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту