Ескі архив · 26.05.2011 17:14

Ubuntu 9.10 үшін qutim мессенджерін орнату

Менің қолданатыным убунтуым жаңа нұсқа болғандықтан көптеген репозиторилерді қолдайды, сол себепті бағдарламаны орнатуда айырмашылықтар бар. Өткен посттардың бірінде убунту 10.10 үшін qutim-ді былай орнатуға болады десем: sudo apt-get install qutim 9.10 нұсқа үшін бөлектеу екен. әдепкі репозиторилер ішінде qutim-дікі болмағандықтан қолдан қосу керек болды. Төмендегідей тәртіппен орнатуға болады екен.(Жалпы нұсқаулықты www.liveinternet.ru ресурсынан алып аудардым) 1. Репозитори кілтін қосамыз, пакеттер менеджері жаңартылған кезде сұрай бермесін деп. wget -O - http://qutim.org/debian/archive.key | sudo apt-key add - 2. /etc/apt/sources.list файлына төмендегі сілтемелерді қосамыз Ubuntu 9.10 [Karmic] үшін deb qutim.org/debian/karmic karmic main deb-src qutim.org/debian/karmic karmic main Сілтемелерді қосу үшін былай істеңіз: sudo gedit /etc/apt/sources.list Ашылған блокноттағы текстің ең соңына deb http://qutim.org/debian/karmic karmic main deb-src http://qutim.org/debian/karmic karmic main сілтемелерін көшіріп жазып, сақтап, жабыңыз. 3. пакеттер тізімін жаңартамыз sudo aptitude update 4. Бағдарламаны орнатамыз sudo aptitude install qutim Пакеттер менеджері автоматты түрде бағдарламаны толық орнатады және келесі төрт протокол үшін — icq, jabber, mrim, irc плагиндерін орнатады 5. Мессенджерді жүктеп, қажетімізше баптаймыз, осы бары.
Авторы:
sigma

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту