Ескі архив · 26.05.2011 17:23

Жанкүйерлер Қазақстанның жеңетініне сенбейді

Сауалнамаға қатысқан жанкүйерлердің тек 3,5 %-ы ғана Қазақстан ұлттық құрамасы Әзірбайжанды жеңеді деп жауап берген. Қазақстан Футбол Федерациясының ресми сайты жүргізген сауалнама нәтижелері осындай. Қазақстан жанкүйерлерінің басым бөлігі, яғни 95,85 %-ы әзірбайжандар жеңеді депті. Тең ойын болады дегендердің саны 0,84 %-ға тең. Еуропа-2012 чемпионатына іріктеу ойындарында Қазақстан бірде-бір гол салған жоқ және бірде-бір ұпай ала алмады. Ал Әзірбайжан құрамасы өз алаңында Түркияны ұтып кетті. Ойын Астанада, 3 маусым күні болады. Сауалнама нәтижелері: Қазақстан-Әзірбайжан матчы қалай аяқталады? — Әзірбайжан аз голмен жеңеді — 86.33% — Әзірбайжан ірі есеппен жеңеді — 4.86% — Әзірбайжан екі гол айырмасымен жеңеді — 4.6% — Қазақстан аз голмен жеңеді — 2.4% — Гол болады, бірақ ойын тең яқталады — 0.65% — Қазақстан ірі есеппен жеңеді — 0.45% — Қазақстан екі гол айырмасымен жеңеді — 0.45% — Гол болмайды, ойын тең аяқталады — 0.19%. Ақпарат көзі.
Авторы:
qisyq

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту