Башмақай дайын , балақай! :)
Соңғы уақытта тоқымам туралы жазбай кеттім. Сол тоқитын жіп жоқ ©)). Ауылдан алып келген жіптеріме көйлек тоқып қойдым.(Біреуі сатылған, екіншісі тур хД) Қазір қол боооос. Содан жанымыздағы «Гулжан» со-дан жіп алдым кішкене. Ол жіпті мен Шымнан әлдеқайда арзан бағаға сатып алар едім, бірақ іш пысты, тоқыманы сағындым))). Сөйтіп, қысқасы алған кішірек ақ жіптен мынадай башмақай (пинетки) тоқыдым.
Пинеткидің қазақшасы башмақай екенін енді біліп отырмын. Башмақай — жаңа туылған сәбилерге арналған аяқ-киім.Оны ілгемен де, спицамен де (қазақшасын білмедім)тоқуға болады. Баланың терісі сезімтал болғандықтан, оны жүннен иірілген жіптен н/е синтетикалық жіптерден тоқуға болмайды. Мүмкіндігінше мақта өнімінен иірілген жіптен тоқу керек. Тоқылуы өте жеңіл, фантазияға ерік беріп неше түрлі етіп сәндеуге болады.
