Ескі архив · 27.05.2011 09:27

Қимастық сезім ба еді, бұл әлде махаббат па?

Балабақшамен қоштасу. Тәрбиеші 3 жыл тәрбиелеген «Жауқазын» тобымен қоштасты… Өте әсерлі… Аспанға шар ұшырған кезде сондай бір сезім билегені. «Бітіруші түлектер»… — Қанекей, ары қарай кім балабақшада қалады? кім мектепке кетеді? Соны анықтап алуым керек бүгін, Ата-аналар… — деп Динара апай айтқан кезде Нариман жүгіріп келіп мамасының құлағына сыбырлап кетті… Кейін білсем: — Аружан мектепке барса мектепке барамын, балабақшада қалса мен де қаламын... — деген екен. Атын көп айтатын еді үйде де. Айтқаны тым қызық, «У» әріпін айтпай Аржан дегенге ұқсайды ма, у әріпін тез айтып кетеді ма біртүрлі… Аружан да мамасына айтады екен. Жастары 6 ға енді келген… "Қаршадай боп..." — деп айтатын апамның сөзі есіме түсіп кетеді… Қимастық сезім ба еді, бұл әлде махаббат па?
Авторы:
edige

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту