Ескі архив · 28.05.2011 09:50

Бізден қалған арақ қой...

Бір тойда жастар жағы бөтелкелерді ортаға алып сілтеңкіреп отырса, жандарына бір ақсақал келіпті. -Қарақтарым, не ішіп отырсыңдар? -арақ ақсақал… -Ой, бізден қалған арақ қой. Кезінде мал бағып жүріпте ішкенбіз. Кетсек жүректен кететін шығармыз.Құйш, кәне олай болса «Сарыағашыңнан»… Ақсақалға бір кесе (пиала)газды суды быж еткізіп құйып беріпті. -Ищщай… Бұл арақ деген бізден қалған ғой.Осы мен өлсем бауырдан өлермін.Баяғыда трактор теуіп жүріпте іше беретінбіз. Құйш, андағы «Сарыағашыңнан» ... Тағы бір кесе «Сарыағаш» ақсақалдың өңешінен қылқ етіп өте шықты. -Қазіргі арақ арақ па? Біздің кезіміздегі арақты айтсаңдарш. Кекірсең күпәйкең өртенетін ғой перегарынан...Әй, осы мен кетсем бауырдан кететін шығармық. Тағы бір құйып жіберш… сол кезде бір қу тілді жігіт: -Ақсақал, сіз мына түріңізбен жүректен де емес, бауырдан да емес қуықтан кететін шығарсыз-депті))))
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту