Ескі архив · 29.05.2011 13:17

"Мінбер". Табиғат. Блог

«Мінбердің» жаңа медиаға қатысты Алматыдағы тренингі аяқталды. Екі күн өте тез өте шықты. Қатысушылардың дені «Екі күн аздық етеді» дейді. Шынымен де солай. Мультимедиалық өнім әзірлеуге лайықталған мұндай тренингтер кем дегенде бес күндік болуы керек. Алдағы уақытта енді бес күндік етіп, созу жағын ойластырмақпыз. Тренинге қатысқандардың дені журналистер. Солардың бірі — Табиғат Абаилдаевты (БЛОГЫ) блогосферадағылар жақсы танитын болар деп ойлаймын. Бірнеше блогта өлеңдері жарияланғанын байқағанмын. Табиғат Абаилдаевпен шағын сұхбат by urimtal Жас ақынға блог шығармашылығын әрі қарай дамытуға себепші болады деген үміттемін. Пысы. Тренингтің екінші күнінің соңында қатысушылармен бірге "Қазақфильм" киностудиасында «Жерұйық» фильмін тамашаладық. "Қазақфильм" ұжымы Алматыдағы қазақ блогшылары мен біздің тренингке қатысушыларға арнап арнайы көрсетілімін ұйымдастырып берді. Әзірге «Жерұйық» фильмі кинотеатрларда көрсетілмеген екен. Фильмнен бұрын жеткізгісі келген ойлары, ниеттері ұнады.
Авторы:
urimtal

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту