Ескі архив · 30.05.2011 22:20

Балетке бардым

Бүгін емес, кеше балетке бардым. Алматыдан Абай атындағы опера және балет театры гастрольдеп келген екен Астанаға, «Ромео мен Джульеттаны» қойды. Өмірімде алғаш рет балетке баруым. «Ромео мен Джульетта» спектаклін Қ.Қуанышбаев атындағы театрдан көргенмін, екеуі екі бөлек нәрсе екен. Конгресс холда «оркестр шұңқыры» бар екен, кеше көрдім). Тірі музыканы жаным сүйеді, рахаттанып тыңдадым. Алайда, меніңше, «Ромео мен Джульеттадан» гөрі, мысалы, «Щелкунчикті» қойса, одан да үлкен ұнар ма еді, себебі соның музыкасы өте ұнайды. Сосын тағы ұнағаны костюмдері. Өте әдемі, келісімді. Публика. Кешкі қойылымдарға жеті жасқа дейінгі балаларды кіргізбейміз деп хабарлағанмен, қойылым бойы залдың әр шетінен жылаған баланың дауысы естіліп жатты. Сол жағымда елі алпысты алқымдаған, екі апай келіп отырды, өздері сыпайы сондайы, мәдениет желі есіп тұр)) Қолдарында маникюр, бет әлпеті күтілген, обшым, қарап қызығып кеттім, сондай жасқа келгенде мен де осылай жүрейінші деп))) Ал сол жағыма үш апай мен әжейлер келіп отырды, біреуі отыра беріп маған: "Қазір қандай концерт болады?" дейді.:) Қойылымның тыныштау сәттерінде арт жақтан ер адамның қорылы да естілді… Ал ең бастысы, әрине, бишілердің өнері. Шынымды айтсам, күткендей әсер ала алмадым. Әлде балконда отырып көргендіктен болар, көзілдірікпен отырғанның өзінде анық көрінбеді (дәрігерге барып, минусын үлкейтем ғой, шамасы). Бірақ тағы да балетке барып көруге құлшыныс бар. Сосын операға да барып көру керек деген ой түйдім.
Авторы:
Karakyz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту