Көше әні
Жыламашы махаббатым-сен.
1. Жолыңа қарап көз тастаймын алысқа,
Қайда жүрсең жаным мені ұмытпа.
Қанша уақыт өтті арада,
Сүйгенім жоқ ешбір жанды,
Жыламашы махаббатым-сен.
2. Бұл өмірде жалғыз сені сүйемін,
Сені сүйіп бұл өмірден өтермін.
Мүмкін әлі түсінерсің,
Түсінген соң өкінерсің.
Жыламашы махаббатым-сен.
3. Мені ұмыт та, өзге жанды қала да,
Айтшы жаным неге мені алдадың.
Сорың ба, әлде бағың ба?
Келесің ғой тағы да,
Жыламашы махаббатым-сен.
Мүмкін әлі түсінерсің,
Түсінген соң өкінерсің,
Жыламашы махаббатым-сен.
Қанша уақыт өтті арада,
Сүйгенім жоқ ешбір жанды,
Жыламашы махаббатым-сен.
ПыСы: Кезінде көше әні болып (меніңше, барлық өңірде) шырқалатын, нақты авторы мен орындаушысын білмеймін (орындаушысы тек Нұрлан деп сақталған екен менде). Даусы әдемі екен.
