Ескі архив · 30.05.2011 10:20

Қоғам болған түрімізді... :))))

Уа, жамағат! Алматыда ұлаааан асыр той болды! Құлындаған даусын Құдайға жеткізіп жүріп, Мадлен қыз жұма бұрын жарияға жар сап, кіші құрылтай бастап кеп жіберді Алматының төрінде! Сенбінің кешінен жексенбінің түніне дейін ұласқан бұл құрылтайға әрісі Астанадан админ аға келсе, берісі Қызылордадан аты аңызға айналған Гаста батыр ат басын бұрды! Жалғыз емес, жүзі жарқын жеңгей мен қылығы балдай қызы қосағында! Құрылтай. 1-күн. Көктөбеден – Жерұйыққа! Сонымен не керек, гүлге қонар көбелек демекші:))), Алматыны алақанымызға сыйғызамыз деп Көктөбеге тіке тарттық! Аталған жерге уақытында барып алған алғашқы бестік Асқарды тағатсыздана күттік! Шынымды айтсам ше, құдды бір келін түсіргелі отқан ауыл адамдарының күйін кештік. «Ёёё, оның түрін көргендерің бар ма бұрын соңды?», «мен көрмегем», «мен суретінен ғана көргем» — бла, бла, бла… Ощым келді… көрдік, мәәәдес жігіт ағасы екен! Таныстық, білістік, көз таныстан – сөз қағысқа ұласты әңгіме! «Еее, Мадлен сен бе? Суретіңдегідей екенсің», «ааа, Теріскей сен екенсің ғо», тағы да бла, бла, бла! Бла, бла айтыла береді, болғанға көшелік. «Fast Coaster-ден джынды адреналин аласың» © деген соң, білек түріне біссмілләләп кірісіп кеттік. Екеу-екеуден шанада шоқшиып ап, төменге құлдиладық… Көзді жұмдық… и аштық… «Мадлен, адреналин қайда?»… Фотоаппаратымды алғанымды қайтейін, біреу алып қашардай бүйіріме байлап қана жүргенімді кеш байқаппын! (Сол үшін ғо, көбік сөзді көбейтіп отқаным) Негізі көп жүре алмадық Көктөбеде. Асхат ағаның «кинө көреміз» деген ұсынысына кешігіп бармауды мақсат еткен керекшілер, Көктөбеден Қазақфильмге апыр-топыр аттанып кеттік. Бізді мұнда Асхат бастаған, Аршат қостаған топ күтіп алды. @AKY бастаған «Силуэтті өмір салтын» «Көктөбеден — Жерұйыққа» марафонымен біз де жалғадық:))) Уа, жамағат, қазақ киношаңырағында тағы бір киноның тұсауы кесілді, дәлірегі біздер кестік! Көрермен назарына документалис ретінде жақсы таныс (алайда соңғы шықты деп атын ғана естіген «Махамбеттің қылышы» деген кинокартина да осы кісінікі екенін назарбыңызға!:)) Сламбек Тәуекел ағамыз Лаврентий Сонмен бірігіп түсірген «Жерұйық» фильмін көрсетті. Жалпы фильм жақсы болды ше негізі. Хабенскийді ертіп жүретін Бекмамбетовтей Сламбек аға да өзінің «любимчигі» Болат Әбділмановты басты рөлге тартыпты. Сонау 1931жылдан бастау алған жер аудару саясатымен Қазақстанға аударылған өзге ұлт өкілдері мен оларды құтты жеріне қонақ еткен қазақ жайлы баяндалды негізі. Фильмнің "қожайындары" осы екі көке Кино туралы пікірлерін өзгелер де айта отырсын. Содан шықтық та «по домам» тайдық үйге!:))) Пы.Сы. Әп-әжептеуір сызылтып жазып отыр ем, бастық кіріп келмесі бар ма, нақтың! Ощым, пока осыны оқи тұрыңдар, жалғасы бар:))) @Monti, @Balgyrgan, суреттеріңізбен бөлісе отырыңыздар!
Авторы:
TERISKEY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту