Саябақтағы КЕРЕК кездесуі
тәәәк, былай болды…
Админ ағайдың /@asaubota/ шапанын көтерісуге таң атпай сағат 13 те бардым. "Қайда барсам екен?"- деп отырғандай сыртта күтіп алды.
Көшелердің арасымен "әне таксиге мінеміз", «міне тәксиге мінеміз» деп отырып «Астана алаңы» /«Ескі площадь»/ арқылы қызықтап, айналып Орталық әмбебап базарының жанында "әл жинап" тамақтанып "қазақша базаринг" жасадық.
(«Тура осының қызыл түймелісі бар ма?» © Никулин)
Айтпақшы, Орталық базарда 96-шы орында күшті-күшті сумкалар бар, оны жақсы мақтайтын атай бар.
Аяңдап басып «Орталық саябаққа» да жеттік. Қисық, Теріскей, Патик, Қарасақал күтіп алды.
«Су жағасындағы тамақтану орнына барып қалғандарды күтү және қызу тақырыптар талқылау, келешекке қызықты жоспарлар құруға кірістік.
Маған „Жерұйықты“ басымен көлеңкелеп көрсетпеген @blackbeard және Аршат
Қысқа да көлемді жауап беретін Patick пен өмірде ерекше сүйкімді @Madlen
Міне нағыз қазақтың керемет қызы!!! Суретіңді қойғаныма ренжімеш, Маржан аха!
Бүгін посты бірінші бастап + терді үйіп жатқан ТЕРІСКЕЙ :)
Маңызды Қисықеке салмақты болып отырған жері
Көп күттірмей Асқар /Гаста/ да жанұясымен сүйіктісі — Айна (Альмира) мен қызы Аяна ортамызға қосылды.
Посттарымен қатыратын Гастекең елді аузына қаратып отырғаны
Асқардың сүйіктісі — Айна (Альмира)
Сүйкімді бүлдіршін Айана қолдан қолға өтіп жүр
Қалдықыз бен Асқар / „@Madlen, мені неге ағай демейсіңдер“@Gastarbaiter /
Жалғас Ертай, ортамызға қосылды. Омарбрат келді, соңына таман.
Барлық керектіктердің құлақтары шыңылдап қалған да шығар.
Суреттердің қалғаны Теріскей мен Зилолада. Видеосын қоймай ауызбен айту жеткіліксіз
Ертең „Мовимакерді“ терлетіп „Саябақтағы КЕРЕК кездесу-2“ бейнефильммен болдыруға әрекет жасаймын.
П.С.: Камераның артында — ЕДІГЕ
Ары қарай түсіріп жүре берсем қызықтан қалып қоямын деп өшіріп, көпке қосылып отырдым.
— Даяшы, шәй әкеліңізші…
