"Жерұйық" фильмінің блогшыларға арналған жабық көрсетілімі өтті
28-мамыр күні "Қазақфильм" киностудиясының ғимаратында «Жерұйық» фильмінің блогшыларға арналған жабық көрсетілімі өтті. Көрермендер арасында «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған семинарға қатысу үшін түрлі облыстардан келген журналистер мен бірқатар танымал блогшылар болды. Таныстырылымды фильмнің режиссері — Сламбек Тәуекел мен сценарий авторы — Лаврентий Сон қонақтармен кішігірім әңгіме-дүкен құрып, фильм жайында сұхбат жүргізілді. Режиссер бюджеті шамамен 2 миллион 700 мың АҚШ долларын құраған фильмнің мақсатына тоқталып өтті:
— Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылықтың пайда болуын, бұл үрдістердің себептерін көрсету. Қазақстандағы 1937 жылдан бастап Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі уақыт аралығындағы өзге ұлттардың күштеп депортациялау кезеңін кәрістердің тағдыры арқылы жеткізу. Бұл жерде кәрістердің жер аударылуы баяндалғанымен, басқа да ұлттардың бастапқы өмірлеріне мән беріледі, — деді С. Тәуекел.
Көрсетілім соңында блогшы-журналистер фильмнен алған әсерлерімен өзара бөлісіп, фильм авторларымен естелік суретке түсті.
