03 маусым 2011. Қазақстан - Әзірбайжан. Превью
03 маусым күні Астана Аренада Қазақстан құрамасы Еуро-2012 іріктеу ойындарының кезекті турында Әзірбайжан құрамасын қабылдайды.
Турнир кестесі:
1 Германия 5 5 0 0 17:1 15
2 Бельгия 6 3 1 2 14:9 10
3 Түркия 5 3 0 2 8:6 9
4 Австрия 5 2 1 2 9:8 7
5 Әзірбайжан 4 1 0 3 3:13 3
6 Қазақстан 5 0 0 5 0:14 0
Біз 0 ұпай және 0 голмен соңғы орында келеміз.
Ойыншылар құрамы:
Қазақстан:
Қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер» Қарағанды); Владимир Логиновский («Жетісу»);
Қорғаушылар: Самат Смаков («Ақтөбе»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Сергей Каримов («Вольфсбург», Германия), Марк Гурман («Локомотив» Астана), Михаил Рожков («Локомотив» Астана ), Қайрат Нұрдаулетов («Локомотив» Астана), Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы»), Александр Киров (Локомотив);
Жартылай қорғаушылар: Марат Хайрулин («Ақтөбе»), Қазбек Гетериев («Жемчужина» Сочи, Ресей), Серікжан Мұжықов («Жетісу»), Ұлан Қонысбаев («Локомотив» Астана), Марат Шахметов («Локомотив» Астана), Хайнрих Шмидтгаль («Оберхаузен», Германия), Мақсат Байжанов («Шахтер» Қарағанды), Жамбыл Көкеев («Шахтер» Қарағанды), Виталий Евстигнеев («Ордабасы»);
Шабуылшылар: Сергей Хижниченко («Шахтер»), Сергей Остапенко («Жетісу»), Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы»), Сергей Гридин («Тобыл»)
Әзірбайжан:
Қақпашылар: Фархад Велиев («Карабах»), Камран Агаев («Хазар-Лянкяран»), Андрей Попович («Абшерон»);
Қорғаушылар: Рашад Садыхов, Максим Медведев (екеуі де «Карабах»), Раиль Меликов, Руслан Амирджанов (екеуі де «Нефтчи»), Вургун Гусейнов («Туран»), Саша Юнисоглу («Габала»), Владимир Левин («Интер»), Эльнур Аллахвердиев («Хазар-Лянкяран»);
Жартылай қорғаушылар: Руслан Абышов, Джавид Гусейнов (екеуі де «Нефтчи»), Рашад Садигов, Афран Исмайлов (екеуі де «Карабах»), Ариф Исаев («Габала»), Александр Чертоганов («Интер»), Рахид Амиргулиев, Эльнур Абдуллаев (екеуі де «Хазар-Лянкяран»);
Шабуылшылар: Вугар Надиров, Рауф Алиев (екеуі де «Карабах»), Вагиф Джавадов («Бакы»), Мурад Гусейнов («Габала»).
Букмекерлер не дейді?:
Олимп: 2.74 3.15 2.56
Гол+Пас: 2.8 2.77 2.8
Зенит: 2.61 3.32 2.61
Қарасаңыз екі команданың да шанстары бірдей. Екеуі де жеңіс үшін аянбайды. Өйткені бұл топтың ең әлсіз командалары, ұпай алатын болса тек бір бірінен ала алады. Әзірбайжандар бірақ өз алаңдарында түріктерді ұтты және сырт алаңда ойнаған 3 ойынның екеуінде гол соқты. Біздің қақпада Сидельников тұратынын ескерсек және қорғаушылардың жүйесіздігіне қарап әзірбайжандар біздің қақпаға да гол соғады деп айтуға болады. Тіпті 2 гол салса да таң қалмау керек. Құрамдары біздікіндей үнемі жаңарып отыратын ізденіс үстіндегі құрам емес, бұрыннан ойнап келе жатқан құрам. Және қатты дайындалуда бұл ойынға. Сондықтан менің ойымша бұл ойынды олар ұтады. Біздің құрамдағы шабуылшылардан гол соққыш біреуін көріп тұрған жоқпын. Мүмкін соқса алғашқы голымызды соғармыз бірдеме қылып, бірақ қақпа мен қорғаныс сенімсіз болып отыр. Сондықтан менің болжамым: Әзірбайжан 1 гол айырмасымен жеңеді.
