Ескі архив · 31.05.2011 16:29

Акция

Күрк-күрк жөтеліне тырп-тырп еткен гәлөшінің дыбысын қоса ерткен түнгі сұлба қызыл киоскінің кішкене терезесін қақты. -Не керек?-іштен шыққан дауыстың иесі не қатын дауысты еркек, не болмаса еркек дауысты қатын екенін айыру қиын еді… -Прима синний... -Бүгін темекі сатпаймыз,-қатын екен. -Неге, арақ бітті десең сенуге болады… -Бүгін дүниежүзілік темекіге қарсы күн екен.Баған радиодан айтып жатыр.Мен де өзімше үлесімді қосып жатырмын… Күрк-күрк, тырп-тырп…
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту