Бүгін - дүниежүзілік темекіден бас тарту күні
Бүгін дүниежүзілік темекіден бас тарту күні. Бұл дата 1988 жылдан бері дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен аталып келеді. Дәрігерлердің айтуынша, темекі – ағзада қан тамырларын зақымдап, адамды өкпе және қатерлі ісік ауруларына шалдықтырады.
Елімізде бұрын жастар арасында темекі тарту жиі кездессе, қазір әйелдердің шылым шегуі белең алған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 12 жастан асқан бойжеткендердің 9,8 пайызы темекімен әуестенсе, 20 мен 50 жас аралығындағы әйелдер арасында никотинге мүлдем тәуелділер көп екен.
www.kaztrk.kz
Мақала мен суреттің алынған жері
